«Мәжіліс, сонымен қатар мәслихаттарды таратып, сайлау өткізу және заң шығармашылық процесі алаңында жаңа команда құру негзінен дер уақытында қолға алынып отыр. 5-ші шақырылым Мәжілісіндегі 25 адамның тек біреуі ғана коммерциялық емес ұйым өкілі болатын. Ал біздің қаламызда 265-тен астам үкіметтік емес ұйым бар. Сондықтан да бүгінде коммерциялық емес ұйымдар үшін жаңа мүмкіншіліктер туындап отыр деуге негіз бар. Өйткені, тек қана Астананың ғана емес, сонымен бірге жалпы Қазақстанның коммерциялық емес ұйымдарында мемлекеттік қызметтерді, сонымен қатар мемлекеттік немесе бизнес құрылымдар көрсететін түрлі қызметтерді зерттеу, сараптама жасау, мониторингілеу және бағалау мүмкіншіліктері бар», - деді ол.
М.Еспенованың атап өтуінше, коммерциялық емес ұйымдар қорғаныш қажетсінетін халықпен тікелей жұмыс істейді. Яғни, бұл ұйымдар аталған санаттағы адамдарға не жетіспейтіндігін нақты айта алады.