ІІМ есірткі жарнамасына қарсы белсенді күресті жалғастырып жатыр
18:32, 21 Наурыз 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Ішкі істер министрлігі көшелердегі жарнамалар арқылы есірткінің таралуын болдырмау үшін қарқынды жұмыс жүргізіп келеді.
Polisia.kz-тің мәліметінше 2024 жылы 1700-ден астам рейд жүргізіліп, оған 13 мыңнан астам ерікті қатысты.
Полиция мен белсенді азаматтардың бірлескен жұмысының арқасында бүкіл ел бойынша 44 мыңнан астам есірткі граффити жойылды.
2025 жылдың екі айында үш мың еріктінің қатысуымен 336 рейд өткізілді.
11 мың граффити-сурет өшірілді. ІІО мен еріктілердің үйлесімді жұмысы қоғамды есірткі заттарымен байланысты қауіптерден қорғауға көмектеседі.
Айта кетелік Президент есірткі бизнесіне қарсы күрес туралы кешенді жоспарды жаңартуды тапсырған еді.