- Қарасора өсетін жерлерді әуеден барлау құралдарының жоғары тиімділігін көрсетті. 2026–2028 жылдарға арналған нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің кешенді жоспарында Ішкі істер министрлігіне арналған ұшқышсыз ұшу аппараттарын сатып алу көзделіп отыр, - деді ол.
Айтуынша, бұл аппараттар есірткі плантацияларын анықтап, есірткі зертханаларын әшкерелеуге, ұйымдасқан қылмысқа, экстремизмге, ұрлыққа қарсы іс-қимылдарға, қылмыскерлерді іздестіруге де пайдаланылады.
Бұған дейін дрондар шекара күзетінде қалай қолданылып жатқанын жазған едік.