«2014 жылдың шілде айының соңында қазақстандық «Almaz tourizm» туроператорының туристері екі шаруашылық субъектісі дауының тұтқынына айналды. Өкінішке орай, бізге «Almaz tourizm» компаниясының контрагенті «Trek Travel International LTD» компаниясына шағымдар түсуде. Аталған компания өзінің қонақ үйлерінде тұрып жатқан қазақстандық туристерден екінші мәрте төлем талап етуде. Мұндай жайт әлемдік туристік қоғамдастықта бұған дейін де кәсібилік әрі өркениеттілік емес деп танылған еді. Сізден өркендеп келе жатқан әлемдік туристік нарықтың қалыптасуына нұқсан келтіретін мұндай жайтқа жол бермеу керектігіне назар аударуыңызды сұраймыз», - делінген хатта.
М.Иғалиев өз хатында туризм индустриясы комитеті аталған проблеманы тез арада шешу үшін барлық қажетті шараларды қабыдлайтындығын баса айтқан.
Бұған дейін хабарланғандай, комитетке «Almaz tourizm» туристік операторы шағымданып, өзінің түркиялық серіктесі «Trek Travel International» компаниясымен арада дау туындап отырғандығын мәлімдеген. Осы дау салдарынан «Almaz tourizm» туристік операторының 18 клиентін Анталиядағы қонақ үйден шығара бастаған. Дегенмен қазіргі уақытта олардың барлығы да қонақ үйде тұрып жатыр.