Ақ үйдегі дереккөздердің айтуынша, Ливия полковнигі өзінің хатында американдық президенттен ел аумағындағы НАТО-ның әскери операциясын тоқтатуды сұраған.
Associated Press қол жеткізген мәтінге сәйкес, М.Каддафи сонымен қатар ауадағы әскери шабуылдардың тоқтатылуын сұраған. М.Каддафи қазіргі әскери шабуылды «дамушы елге бағытталған әділетсіз соғыс» деп бағалады.
Ливия басшысы өз хатында елдің халқы НАТО әскери операциясынан денеге түсетін ауырлық тұрғысынан емес, көбіне моралдық тұрғыдан зардап шеккенін, ал демократиялық қоғамды қару мен әуе шабуылдары арқылы құру мүмкін еместігін жеткізді.