М.Каддафи БҰҰ мінбесінен Қауіпсіздік Кеңесінің құрылымына сын айтты

АСТАНА.  Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат -  Ливия  басшысы Муаммар  Каддафи  БҰҰ Бас  Ассамблеясының алдындағы  өзінің  бірінші      баяндамасын   жаһандық     әлемдік тәртіпті сынауға арнады.  Оның пікірінше,   әлемде     шынайы демократия қалған  жоқ,

 деп хабарлайды    «РИА «Новости» агенттігі.

 Атап  айтқанда,  полковник М.Каддафи  БҰҰ мінбесінде  тұрып,    БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің  қазіргі құрылымын    әділ емес  және  әбден ескірген   құрылым ретінде  жоюға   шақырды. Ливия басшысы,   Қауіпсіздік   Кеңесінің   демократиялық  еместігінен   ол   интернационалдық ұйымға  «Лаңкестік  кеңесі» деген атау  дұрыстау болатын  еді,  деп  мәлім етті. 

 БҰҰ Хартиясын  көрсетіп тұрып,  М.Каддафи,    осынау  іргелі  құжатқа сәйкес  «барлық мемлекеттер,  көлеміне  қарамастан,   тең екендігін»  еске салды.  «Қауіпсіздік Кеңесіндегі  тұрақты орындарда  біз   теңбіз  бе? Жоқ,  біз тең емеспіз»,- деп  мәлім еткен  М.Каддафи, бұл жағдайды  «саяси  феодализм» деп атады.

 «Қауіпсіздік  Кеңесі  құрылған   күннен бастап  бізді қауіпсіздікпен қамтамасыз еткен  емес, керісінше    үрей туғызып,  санкциялар  таратуда.  Оны  бізге қарсы  пайдаланып отырғандар бар, сондықтан да  біздің  де БҰҰ  қарарларын    сақтауымыз  міндетті емес»,   дейді Ливия  басшысы.

 Естеріңізге  сала  кетейік,   АҚШ пен  БҰҰ  санкциялары 1980-90 жылдары   М.Каддафидің  өзіне  де   қарсы   салынған болатын, себебі Ливияны  Батыс халықаралық  лаңкестікке   қатысты   деп  санаған  еді.