ІІМ Қарағанды академиясына жаңа басшы келді

АСТАНА. KAZINFORM – Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен Бәрімбек Бейсенов атындағы ІІМ Қарағанды академиясының бастығы болып Биекенов Нұрлан Амангелдіұлы тағайындалды. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

Фото: Polisia.kz

Ведомстволық оқу орнының жаңа басшысын жеке құрамға министрдің орынбасары Айдар Сайтбеков таныстырды. Нұрлан Биекенов ІІМ Қарағанды академиясының оқытушысы, кафедра бастығы болып жұмыс істеген.

Еске сала кетейік, бүгін сондай-ақ Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен Мақан Есболатов атындағы ІІМ Алматы академиясының бастығы болып Қобландин Қалижан Жеңісбекұлы тағайындалғанын жазған болатынбыз.