деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның сөзіне қарағанда, министрлік биыл «Мәдени мұра» ұлттық стратегиялық жобасының 2009-2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруды жалғастыратын болады. Бұдан бөлек, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығын ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етуге айрықша маңыз береді. Бұл ретте ҚР Сыртқы істер министрлігімен қоян-қолтық жұмыс жүргізілмек. Сондай-ақ, Конституцияның 15 жылдығы, Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған маңызды іс-шаралар өткізілетін болады. Еліміздегі БАҚ-тардың бәсекелік қабілеттілігін арттыруға баса назар аударылады.
«Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жыл аяғына дейін қабылдау көзделуде. Қазақстан халқы Ассамблеясы, үкіметтік емес сектор және шығармашылық одақтарменнен іс-қимыл механизмдерін үйлестіру барысында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс мәселесі бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заңның жобасын әзірлеп, дер кезінде Парламентке ұсыну биыл қолға алынады», деді министр.
2010 жыл БҰҰ-ның шешімімен Мәдениеттердің жақындасуының халықаралық жылы деп жарияланғанын айтқан ол: «Сондықтан, қазақ мәдениетін әлемге танытуда, ұлттық мәдениеттің үздік жетістіктерін танытуда көптеген жоспарлар бар. Олардың бәрін уақытында орындап шығамыз», деді.