Отандық театрлардағы күрделі проблемалардың бірі жалақы мәселесі болып отырғандығын баса айтқан министр: «Бұл проблема республикалық деңгейде біртіндеп шешіліп келеді. Облыстық театрдың әртістері негізінен 30-40 мың теңге ғана жалақы алады. Ал кейбір театрлардағы слесарь, сантехник, электрик сияқты жұмысшылар әртістерден әлдеқайда көп жалақы алып отыр», - деді ол.
Сондықтан министр өңір әкімдерінен облыстық театр әрістерінің, театр ғана емес, жалпы мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысын мұқият қарап шығып, оларды 1,7 немесе 2 көтерме коэффициенттерін пайдалану арқылы жалақыны жергілікті бюджет есебінен өсіруді сұрайтындығын баса айтты.
«Үлкенді-кішілі мерекелерде, саяси шараларда ел алдына шығып сөйлейтін осы зиялы қауым өкілдері емес пе? Ендеше, мәдениет майталмандарының жалақысы олардың халық алдындағы беделіне сай болғаны жөн деп білемін», - деді М.Құл-Мұхаммед.