М. Меланидің "Вокал туралы қысқаша сөйлесейік" кітабының таныстырылылды

АЛМАТЫ. 17 ақпан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда Марио Меланидің орыс тіліне аударылған "Вокал туралы қысқаша сөйлесейік" деп аталатын кітабының таныстырылымы болды.

"Марио Меланидың бұл кітабын оқып, танысып шықтым. Ол консерваторияны бітіріп жаңа жұмыс бастап жатқан жас әншілерге және ұстаздық қызметпен жаңадан шұғылдана бастаған оқытушылар үшін өте үлкен дүние. Кеңес Одағы кезінде мұндай еңбектер көп жазылған болатын. Бірақ оның ішінде философия мен медициналық терминология өте көп болды. Сондықтан жастарға оның бәрі бірдей түсінікті бола бермеді. Ал бұл кітап қарапайым тілмен бәрін ұғынықты түрде жеткізеді", - дейді КСРО Халық артисі Бибігүл Төлегенова.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі таңда қазақ тілінде әншілерге арналған оқулықтар өте аз. Оған ең алдымен термин сөздердің көптігі кедергі болуда. Сол себепті қазақ тіліндегі мұндай оқулықтар болашақтың еншісіне қалып отыр.

Жалпы, Марио Меланидің "Вокал туралы қысқаша сөйлесейік" кітабы ҚР Тұңғыш Президенті қорының қаржылай қолдауымен жарық көріп отыр. Ол 2010 жылғы "Интеллектуалды жасампаз қоғам: білім және жаңа технологиялар" тақырыбында өткен әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі аясында жүзеге асырылды.