деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Менің Қазақстанға сапарым екі маңызды төрағалыққа дайындық барысымен тұспа-тұс келіп отыр. Қазақстан 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық етеді. Испания 2010 жылдың бірінші жарты жылдығында Еуропалық одаққа жетекшілік жасайды. Бір-бірімен дос екі мемлекет - Қазақстан мен Испания барша әлемдегі қауіпсіздіктің жаңа сәулетін қалыптастырудағы барлық маңызды мәселелерді ілгері жылжыту үшін өздеріне міндеттеме алғалы отыр. Бұл бағытта Қазақстанның да, Испанияның да қосатын үлесі салмақты болады», - деді М. Моратинос бүгін Астанада ҚР Сыртқы істер министрі Марат Тәжинмен өткізген келіссөздерінен кейінгі брифингте.