«Мен толыққанды жекпе-жек өткiзбек болғанмын, бiрақ Геннадий тым күштi болып шықты. Ол - шебер. Мен қолымнан келгеннiң барлығын iстедiм, алайда еш нәтиже болмады. Головкин өз жеңiсiне лайық еңбек еттi», - дедi боксшы. Айта кетейiк, Монакода өткен бокс кешiнде жекпе-жек 11 раундқа созылды. Мартин Мюррейдiң қарсыласуға шамасы бiткенiн көрген кездесу төреші бұл белдесудi тоқтатқан болатын. Осылайша, Головкин өз кездесулерiн 19 рет қатарынан нокаутпен аяқтады.
11:49, 22 Ақпан 2015
М.Мюррей: Головкин - мықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британия боксшысы Мартин Мюррей қазақстандық спортшы Геннадий Головкинмен өткiзген жекпе-жектен соң кездесуге қатысты пiкiрiн айтты.