М.Өмірияев ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды

АСТАНА. 13 қыркүйек. ҚазАқпарат - Мүслім Өмірияев Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды.

«Мүслім Тайырұлы Өмірияевты Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі етіп тағайындадым», - деп жазды ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Twitter-дегі жеке парақшасында.

Толыққанды ақпаратты http://pm.kz , сонымен қатар http://www.facebook.com/KMassimov және http://vkontakte.ru/kmassimov сайттарынан оқуға болады.