М.Орынханов Білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды

АНА. 10 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 наурыздағы № 233 қаулысымен Мұрат Қадесұлы Орынханов Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды.

Басқа жұмысқа ауысуына байланысты Бақтыбай Әшімбекұлы Қасымбеков бұл қызметтен босатылды.

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.