Оған дейін осындай жетістікке Пуанкаре гипотезасын дәлелдеген Григорий Перельман ғана қол жеткізген болатын , деп хабарлады astana.kz сайты Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Профессор, ҚР ҰҒА физика-математика ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың Еуразиялық математика институтының директоры Мұхтарбай Өтелбаев «Новье-Стокс теңдеулерінің мықты шешімінің болуы» атты еңбегін аяқтап, ашық басылымда жариялады.
Бұл еңбектің маңыздылығы - аталмыш проблема «мыңжылдықтың проблемасы» деп аталатын 7 ең күрделі математикалық есептердің қатарына енген. Айта кетейік, осы проблемалардың әрқайсысын шешуде Клэй математикалық институты 2000 жылдың басында 1 миллион АҚШ долларын бәйгеге тіккен болатын. Қазіргі уақытта мыңжылдықтың жеті проблемасының тек біреуі ғана (гипотеза Пуанкаре) шешімін тапқан. Оның иесі - Григорий Перельман, ол Филдсовский сыйлығына ие болған.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мұхтарбай Өтелбаевтың ғылыми қызығушылық саласына функционалдық анализ және оның қолданыстары, дифференциалдық операторлардың спектрлік теориясы, функционалдық кеңістік теориясы, есептеу математикасы, шекаралық есептердің жалпы теориясы кіреді.
Мұхтарбай Өтелбаев - 2002 ж.; 2002-2003 жж. мен 2004-2005 жж. «Алтын адам» байқауында («Ғылым» номинациясы бойынша «Жыл адамы») «Жылдың ғылыми қайраткері» атағының иегері, ғылым мен техниканың дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендиясының иегері, «Ғылым мен технологиялар» номинациясы бойынша Экономикалық ынтымақтастықты ұйымы сыйлығының лауреаты, 2004 ж. «ЖОО-ның ең үздік оқытушысы» ҚР БҒМ грантының иегері, ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығының лауреаты.