«Хоккейная правда» сайты хабарлағандай, Андрей Потайчук бас бапкердің ассистенті болады. Жаңа басшылық команда құрамындағы легионерлерді көбейтуді көздеп отыр. Негізгі мақсат - команданың сәтті өнер көрсетуін қамтамасыз ету.
Айта кетейік, осы уақытқа дейін М.Ржига чехтың «Пардубище» командасын жаттықтырды. Оған дейін ол Құрлықтық хоккей лигасында «СКА», «Атлант» пен «Спартакты» жаттықтырды. 2010-2011 жылдары «Атлант» ҚХЛ-дың күміс жүлдегері атанған болатын.