12:51, 20 Мамыр 2009
М.Саакашвили Әзірбайжанға сапар жасайды
БАКУ. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат /Арнұр Мұхаметкәрім/ - Бүгін Әзірбайжан елордасына ресми сапармен Грузия Президенті Михаил Саакашвили келеді,
деп хабарлайды ҚазАқпараттың Бакудегі тілшісі. Грузия басшысы сапар барысында Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевпен, ел Премьер-министрі Артур Раси-задемен және Милли Межлис спикері Октай Асадовпен кездесіп, тату көршілік қарым-қатынас пен екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылайды. Келіссөз аясында бірқатар үкіметаралық құжаттарға қол қойылады деп күтілуде.