Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабаралды.
М.Н.Шариф Пәкістан Үкіметі мен жеке өзінің атынан құттықтауында Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік сайлаудағы айқын жеңісі мен сайлаушылардың жоғары белсенділігі өз Көшбасшысының ел мемлекеттілігін табысты дамытудағы еңбегін халықтың даусыз мойындайтынын, сондай-ақ жасампаз әрі көреген саясатқа деген сенімнің жоғары деңгейін айғақтайтын атап өтеді.
Пәкістан Премьер-Министрі Қазақстан Президентінің елдің тұрақтылығы мен дамуын қамтамасыз етуге бағытталған күш-жігеріне тоқталды.
«Сіз ұсынған бес реформа орта таптың экономикалық өсуі мен нығаюына, Қазақстан халқы бірлігінің күшеюіне, оның өркендеуі мен халықаралық аренадағы беделінің артуына септігін тигізетініне сенімдімін», - делінген құттықтауда.
М.Н.Шариф Қазақстан мен Пәкістан қарым-қатынастары дәстүрлі достық, тарих және мәдениет пен бауырластықтың көпғасырлық байланыстарына негізделгенін айтты.
«Елдеріміздің арасында өзара тиімді ынтымақтастық үшін зор әлеует бар. Екіжақты ынтымақтастықтың өзара мүдделілік танытатын нақты мәселелерін Сізбен талқылауды тағатсыздана күтемін», - делінген жеделхатта.