М.Шумахер апатқа ұшырап, ауруханаға түсті

None
МАДРИД. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат – Испанияда «Формула-1» жарысының жеті дүркін чемпионы Михаэль Шумахер мотоциклді сынау кезінде апатқа ұшырап, ауруханаға түсті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Дәрігерлердің деректеріне қарағанда, Картахенада тест-драйв өткізу кезінде спортшы мотоциклден құлап, жарақат алған. Олар Шумахердің өміріне төнген ешқандай қауіптің жоқ екенін айтуда.