Мəскеуде Махамбет театры қазақша сөйледі

Фото: None
МƏСКЕУ. ҚазАқпарат - Махамбет Өтемісов атындағы Атырау қазақ драма театры Мəскеу қаласында орыс жазушысы Георгий Пряхиннің «Тергеу» қойылымын қазақша орындап шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Пьесада Нобель сыйлығының лауреаты, қуғынға ұшыраған орыс жазушысы Борис Пастернактың қилы тағдыры  көрініс тапқан. Пьесаны кім қашан жазғанын қазақстандық журналистерге белгілі жазушы-драматург Рақымжан Отарбаев айтып берді. «Талантты орыс жазушысы, қоғам қайраткері Георгий Пряхиннің бұл шығармасы əлемнің көптеген елдеріне танымал.
 

«Тергеу» повесін орыс тілінде оқыған кезде қатты толқып, қазақ тіліне аудардық. Повесті жазушы Төлеген Берішбаев аударды. Осылайша, Махамбет Өтемісов атындағы театр ұжымы спектакльге қатты қызығып, оны сахналады», - дейді Рақымжан  Отарбаев.

Жазушы Пряхин былтыр мамыр айында Атырауға келіп, бұрын тіпті орыс тілінде қойылмаған спектакльдің қазақша «сөйлегенін» көрген кезде, көзіне жас алып, театрды Мəскеуге гастрольге шақырған екен.