Мəскеуде Тəуелсіздік күніне орай салтанатты шара өтті
Жиынға РФ Президент əкімшілігінің, Үкімет жəне сыртқы істер министрлігінің өкілдері, Мəскеуде аккредиттелген шетелдік дипломатиялық корпустың жетекші құрамы жəне Мəскеудегі қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.
Өз сөзінде РФ-дағы Қазақстанның Төтенше жəне Өкілетті Елшісі Иманғали Тасмағамбетов тұрақты дамудың 26 жылында Қазақстанның Тұңғыш Президент - Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігімен 90-жылдары тап келген сындарлы жылдарға төтеп беруде ғана емес, ауқымды реформалар жүргізуде де мол тәжірибе жинақтағанын атап өтті.
Өз кезегінде РФ сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Панкин екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнаған 25 жыл ішінде қазақстан-ресей қарым-қатынастардың жаңа сапалы үлгісін құру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылғанын баса айтты жəне Ресейде Қазақстанмен стратегиялық серіктестік пен одақтастықтың жоғары бағаланатынын, 25 жылда көреген мемлекеттік көшбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында екі ел серіктестігінің нығая түскенін жеткізді.