ІІМ сталкингке қатысты алдын алу шараларын күшейтті

Коллаж: Kazinform/ Nano banana

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгінде полицияға азаматтарды қадағалау немесе қауіп-қатерлер туралы сигнал түскен жағдайда шұғыл араласу және қорғау үшін қосымша құқықтық құралдар берілген, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.

Сталкинг — бір адамға тұрақты түрде назар аудару немесе байланысқа түсу арқылы психологиялық қысым көрсету. Мұндай әрекеттер үрей тудырып, елеулі зиян келтіруі мүмкін. Сондықтан құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары күшейтілді. 

— Кез келген қадағалау қатаң құқықтық бағалауға ие болады. Біз мұндай фактілерді алдын ала болдырмауға және азаматтарды ерте кезеңде қорғауға бағытталғанбыз. Егер сіз осындай жағдайға тап болсаңыз, мәселені өз бетіңізше шешуге тырыспай, дереу полицияға хабарласуыңыз қажет. Алғашқы кезеңде де заң тұрғысынан шаралар қабылданады, — деді Алматы қаласы ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының басшысы Асхат Кулбаев.

«Заң мен тәртіп» қағидасы кез келген қысым, қадағалау немесе жеке шекараны бұзу әрекеттеріне тосқауыл қояды. Әрбір азаматтың қауіпсіздігі — ең басты назарда.

Бұдан бұрын ІІМ сотқа сталкинг бойынша 51 іс жолданғанын мәлімдеді.