М.Тәжин: Азаматтарды этникалық және басқа да белгілер бойынша бір-біріне қарсы қою әрекеттері мемлекеттің қатаң реакциясына ие болуы тиіс
Бұл туралы бүгін Ақордада республикалық және жергілікті мемлекеттік органдардың қатысуымен өткен ұлысаралық қарым-қатынас мәселелеріне арналған республикалық кеңесте ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин айтты.
Оның атап өтуінше, қоғамдық келісім негізінде сенім қалыптастыру принципі мен мемлекет және азамат тұтастығының бірлігі жатыр. «Азаматтарды этникалық және басқа да белгілер бойынша бір-біріне қарсы қоюға бағытталған кез келген әрекет, қосарлы стандарттар қолдану нөлдік төзімділік принципі бойынша мемлекеттің қатаң реакциясымен бетпе-бет келуі тиіс», - деді Мемлекеттік хатшы.
Кеңеске Президент Әкімшілігінің бөлім меңгерушілері, министрліктер мен ведомстволардың басшылары, Астана, Алматы және облыс әкімдерінің орынбасарлары, ҚХА аймақтық хатшылықтарының меңгерушілері, ҚХА ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.
Алқалы жиын қорытындысында Мемлекеттік хатшы мемлекеттік органдарға этносаясат бағытындағы саяси жоспарлауды күшейту, ведомствоаралық үйлесімділікті арттыру, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының қоғамдық келісімді нығайту бойынша ортақ міндеттерін іске асырудағы қарым-қатынасының тиімділігін арттыруға негізделген тапсырмалар берді.