М.Тәжин: ҚазАқпарат - бұл елдің шежіресі ғана емес, сонымен бірге білікті, жедел, объективті БАҚ
18:52, 13 Тамыз 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Марат Тәжин «ҚазАқпарат» ХАА-ға 95 жылдық мерейтойына арналған құттықтауын жолдады.
«ҚазАқпарат» ХАА ұжымын 95 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Республикамыздағы көне ақпараттық агенттігі - бұл елдің шежіресі ғана емес, сонымен бірге Қазақстан мен шетелге танылған білікті, жедел, объективті БАҚ. ҚазАқпарат өзінің бай шығармашылық мұрасының үздік тұстарын сақтап, бүгінгі заманға, Қазақстанның даму қарқынына сай заманауи медиа-ресурсқа айналды. Агенттіктеріңіздің жаңалықтар таспасында қазақстандық-ресейлік қатынастар, Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің қызметі туралы объективті және жүйелі ақпарат тарататындарыңызға ризашылық білдіруге рұқсат етіңіздер. Сіздердің ұжымыңызға кәсіби табыс, игілікті оқырмандар мен әрдайым жағымды жаңалықтар тілеймін!» - делінген құттықтау мәтінінде.