13:38, 04 Сәуір 2009
М. Тәжин Үкімет сағатында «ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуге дайындық жұмыстарының барысы және ЕҚЫҰ «Үштігі» құрамындағы жұмыстардың басталуы» тақырыбы бойынша баяндама жасайды
АСТАНА. Сәуірдің 4-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Сәуірдің 6 -сында ҚР Сыртқы істер министрі Марат Тәжин Парламентте болатын Үкімет сағатында «ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуге дайындық жұмыстарының барысы және ЕҚЫҰ «Үштігі» құрамындағы жұмыстардың басталуы» тақырыбы бойынша баяндама жасайды.
Бұл туралы бүгін Астанада дәстүрлі апталық брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Депутаттар біздің ірі аймақтық ұйымда төрағалық етуімізге байланысты жұмыстардың басты кезеңдері, мазмұндық және ұйымдастырушылық аспектілері жөнінде есепті тыңдайды. Сонымен қатар «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасындағы міндеттер есепке алынады», - деді ресми өкіл.
Үкімет сағаты барысында ЕҚЫҰ-ның күн тәртібіндегі ең өзекті мәселелері және Қазақстанның ЕҚЫҰ «Үштігінің» құрамындағы жұмысының басталуы бойынша пікір алмасулар өткізілмек.