М.Трабукки «Астана» футбол клубының бас менеджері болып тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Президенттік клуб құрамына кіретін «Астана» футбол клубы басшылығында кадрлық ауыс-түйістер орын алды.

Футбол клубының бас менеджері лауазымына Еуропадағы атақты футбол функционері Марко Трабукки тағайындалды. Бұрын осы лауазымды атқарған Қайсар Бекенов атқарушы директор ретінде клуб құрылымында қалатын болды, деп жазды Sports.kz.

Марко Трабукки өзінің Дженнаро Гаттузо, Лучано Спаллетти, Фернандо Кавенаги, Веллитон, Мубарак Буссуфа, Сейду Думбия және Неманья Видич сынды бірақатар еуропалық бапкерлермен, ойыншылармен ынтымақтастықта еңбек атқаруымен танымал.