М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясында колледж түлектеріне арналған ашық есік күндері өтті

АСТАНА. 24 ақпан. ҚазАқпарат - М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясында колледж түлектеріне арналған ашық есік күндері өтті.

Түлектер назарына академияның мамандықтары мен ҚазККА-дағы әлеуметтік бағдарламалар туралы толық мағлұматтар ұсынылды. Сондай-ақ олар оқу орнының материалдық-техникалық базасымен, академия зертханасымен, студенттер үйімен, салауатты өмір салты кешендерімен, спорт залдар, вокал және би студиялары мен компьютерлік клубтары бар «Шабыт» орталығымен танысты.

Колледж түлектері көкейлеріндегі сұрақтарды қоюға мүмкіндік алып, оларға тұшымды жауаптар алды. Сонымен бірге академия студенттері әзірлеген концертті тамашалады.