«Бангладеш пен Мьянма адамдарды репатриациялау мақсатында екіжақты келісім жасап жатыр», - деді министр.
Оның сөзіне қарағанда, бірлескен жұмыс тобы босқындардың отанына оралып, қауіпсіз тіршілік жасауын қамтамасыз етпек.
Айта кетейік, Мьянманың батысындағы мұсылман дінін ұстанатын рохинджа этносы тұратын Ракхайн штатында жағдай шиеленісіп, халқы босып кеткен болатын.