Мьянмада құны 140 млн. фунт болатын таза нефрит табылды
17:00, 16 Қазан 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мьянма шахтерлары салмағы 175 тонна болатын көлемі жағынан екінші ең ірі таза нефрит тауып алды. Оның құны 140 миллион фунтқа бағаланды, деп жазды Telegraph.
Шахтерлер асыл тас іздеп, Качин штатындағы шахтаны зерттеп жүрген. Олар тапқан нефрит тас көлемі бойынша екінші орын алады. Асыл тастың биіктігі - 2,7 м, ені - 5,4 м, ал салмағы шамамен 175 тонна, деп жазды Газета.ру.
Ең үлкен нефрит тастың салмағы 260 тонна, ол Қытайдағы Нефрит Будда хармында тұр. Тастан Будданың мүсіні ойылған.
Мьянма әлем бойынша ең ірі нефрит өндіруші елдер қатарында. Басылымның хабарлауынша, елдегі нефрит өндірісі ЖІӨ жартысына дейін табыс әкеледі.