Мьянмада нефрит шахтасы опырылып, 14 адам қаза тапты

Фото: None
ЯНГОН. ҚазАқпарат – Бүгін таңертең Мьянмада нефрит шахтасы опырылып, ішінде 14 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.


Апат салдарынан 4 адам хабар-ошарсыз кетті депжарияланды.

Шахтаның күзет посты түгел жермен-жексен болған.

Шахта орналасқан ауданның полициясының бастығы ТанВин Аунгтың айтуынша, қаза тапқан 14 адамның денесі үйінділер астынаншығарылған. Әлгі хабар-ошарсыз кетті деп жарияланған төрт адам, соның ішіндешахтаны күзеткен екі полицей де қаза тапқан болуы мүмкін деген жорамал бар.

Хабарларға қарағанда, Мьянманың Качин штатындағыХпаканта нефрит орталығында соңғы жылдары адам шығына әкеп соқтыратын апаттаржиілей түскен.

Соңғы жаңалықтар