Деректерге қарағанда, оқыс оқиға ел солтүстігіндегі Качин штатында сейсенбіге қараған түні болған. Кен қазатын екі компанияның 54 жұмысшысы мен 40 техника үйінді астында қалды. Сейсенбінің таңында құтқарушылар үйінді астынан үш адамның денесін алып шықты.
Мьянма Ақпарат министрлігі апаттан кейін 54 шахтердің хабар-ошарсыз кеткенін растады.