«Мәжіліс депутаттары бүгін Президентке мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы ұсыныс жасау арқылы саналы шешім қабылдады. Олар өз мәлімдемесінде бүгінгі халықаралық саяси және экономикалық жағдай Қазақстанға тізгінді бос жіберуге мүмкіндік бермей отырғанын, биліктің үш буынын жұмылдыру қажеттігін атап өтті. Мәжілістің жаңа құрамын жасақтап, еліміздің дағдарысқа қарсы іс-жоспарын жүзеге асыруға кірісу керек»-дейді Қ.Балтабаев.
Оның айтуынша, осы үндеу қолдау тапса, алдағы Мəжіліс сайлауына саяси партиялар қатысып, белсенділігі артады.
«Мәжіліс депутаттары қазір тез арада Мәжілісті сайлау керек, сосын алда тұрған маңызды міндеттерді іске асыруға кірісу қажет. Депутаттардың бұл шешімі дұрыс деп ойлаймын»,-дейді профессор.