«Маастрихт плюс» құжатын әзірлеу ЕҚЫҰ-ның экономикалық -экологиялық барша өлшемдеріне жаңа серпін береді. Ертеңгі сөйлейтін сөзімде мен осы мәселені тағы бір айқындап өтемін. Айтап айтқанда, бүгін ЕҚЫҰ-ның бас хатшысы Н. Назарбаевтың бастамасын қолдады. Менің ойымша, мұндай құжатты жыл соңына дейін әзірлейтін боламыз. Осы орайда ол аталған мәселе бойынша ЕҚЫҰ-ға (Ресей, АҚШ, Еуропа Одағы) мүше бірқатар беделді елдермен алдын ала келіссөздер жүргізгенін жеткізді.
Айта кетейік, бүгінгі форумның ашылуы барысында Н. Назарбаев «Маастрихт плюс» деп аталатын құжатта ортаңғы және алыс перспективаға арналған экономикалық өлшемдер бойынша жол сілтейтін мәселелер қаралуы керектігін айтқан болатын.