Тропикалық циклоннан Анталаха қаласы қатты зардап шекті. Мұнда ағаштар түп-тамырымен қоса қопарылып, электр бағандары құлаған. Осының салдарынан тұрғындар жарықсыз қалды. Дауылмен бірге келген нөсердің кесірінен аралдың солтүстік-батысында лай көшкіні жүрді. Қазір жергілікті билік табиғи апаттан келген шығын көлемін есептеуге кіріскен.