Мадагаскар астанасының 24 мың тұрғыны табиғат апаты салдарынан баспанасыз қалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мадагаскар астанасы Антананаривуда табиғат апатынан 14 адам жапа шекті. Толассыз жаңбыр салдарынан мұнда бөгеттер бұзылып, қала су астында қалды.

Шаһарда электр энергиясының берілуі тоқтатылды. Ондаған үйлер қирап, шамамен 24 мың адам баспанасыз қалды, деп хабарлады euronews.