19:05, 19 Наурыз 2009
Мадагаскар Конституциялық соты жаңа президентті таныды
МӘСКЕУ. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат - Мадагаскардың Жоғарғы Конституциялық соты Антананаривудің бұрынғы мэрі Андри Радзуэлина құрған өтпелі үкіметті, ал Радзуэлинаның өзін – елдің жаңа президенті деп таныды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Сот өкілдерінің атап өтуінше, оның президенттік мерзімі екі жыл болмақ.Сот шешімі жарияланғаннан кейін Радзуэлина қоғамдық тәртіпті қалпына келтіру, ұлттық ымыраға келу, экономикалық даму және бірқатар тауарлар бағасын арзандату мәселелерін қолға алатыннын мәлімдеді. Жаңа президент үкіметтің бұрынғы мүшелеріне қатысты төзімділік саясатын жүргізуге уәде берді, алайда «қылмыскерлер заң бойынша жазасын алуға тиіс», деген пікірін жеткізді.