Мадагаскарда президент сайлауы өтуде

АСТАНА. 25 қазан. ҚазАқпарат - Мадагаскар аралында 2006 жылдан бері бірінші рет президент сайлауы басталды.

Agence France-Presse-ден хабарлағандай сайлауға 7,8 миллионнан астам адам қатыса алады. Ел аумағында 20 мыңнан аса сайлау учаскесі жұмыс істейді. Президент бес жылдық мерзімге сайланады.

Осыған дейін Мадагаскарда президент және парламент сайлаулары бірнеше рет кейінге қалдырылып келді: бастапқыда ол шілде айында өтуі керек болатын, кейін тамызға, одан кейін 25 қазанға шегерілді.