Мәдени диалогты әлсіздік деп қарауға болмайды – Қасым-Жомарт Тоқаев

АСТАНА. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясының отырысында демократия азаматтарға еркіндік сыйлап қанай қоймай, жауапкершілікті арттыратынын еске салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Демократия туралы айтқанда, таразыда азаматтың құқықтары мен бостандықтары ғана емес, оның міндеттері мен жауапкершілігі де тұрғанын әрқашан есте ұстау қажет. Еркіндікті бассыздықпен шатастырмау керек. Ал мәдени диалогты әлсіздік деп қарауға болмайды.

Бір адамның бостандығы екіншісінің бостандығы басталған жерде аяқталатыны бұрыннан белгілі. Келісімге ұйыған қоғам құру үшін заңдылық пен тәртіптің қатаң сақталуын қамтамасыз етуіміз керек», - деід мемлекет басшысы.

Президенттің сөзінше, бұл – әділетті мемлекет құрудың басты қағидасы.

«Оны жүзеге асыру үшін кез келген құқық бұзу әрекетіне жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету қажет. Заң нормалары қағаз жүзінде емес, іс жүзінде жұмыс істеп, барша азаматтарға қоғамдағы орнына немесе бұрынғы сіңірген еңбегіне қарамастан ортақ болуы керек», - деді Президент.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясы өтіп жатыр.