«Мәдени мұра» аясында ел тарихы, археологиясы мен этнографиясы бойынша 30-дан астам ауқымды зерттеу жұмыстары атқарылды

АСТАНА. 12 желтоқсан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Мәдени мұра» бағдарламасын насихаттаудың нәтижесінде бірінші рет Қазақстан тарихында еліміздің территориясында орналасқан 2 мәдени ескерткіш -

Қожа Ахмет Яссауидің мавзолейі мен «Таңбалы тас» петроглифтер кешені ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мәдени мұрасының тізіміне кірді. Бұл туралы бүгін «Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыру жөніндегі қоғамдық кеңестің кеңейтілген қорытынды отырысында Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед мәлім етті.

Оның мәліметтерінше, «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында Қазақстанның тарихы, археолоиясы мен этнографиясы бойынша, ұлттық мәдениет үшін айрықша маңызға ие 30-дан астам бірегей зерттеу бағытында үлкен жұмыстар атқарылды. «Бұған қоса Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы осы тарихи-мәдени ескерткіштердің сақталуы, қалпына келтірілуі және бүгінгі күнге жетуі жөнінде 30-дан астам фильм түсіре бастап, оның 20-сы жарық көрді»,-деді министр.