М
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Алдан Смайыл Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедке депутаттық сауал жолдап, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы желтоқсанның 29-ындағы қаулысы бойынша театр артистеріне, кино актерлеріне, опера және балет театры, концерттік ұйымдар артистеріне кәсіби шеберлігі үшін қосымша ақы төлеу тәртібі мәдениет саласындағы орталық атқарушы органмен бекітілетінін, алайда, осы күнге дейін ол тәртіп Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде қаралмағанын, соның салдарынан мәдениет ұйымдарының қызметкерлері заң жүзіндегі тиесілі ақшасын ала алмай жүргенін айта келіп, осы бір қосымша ақының қысқа мерзімде заңдастырылуына ықпал етуді өтінген болатын.
Депутаттық сауалға берілген жауапта аталған қаулыны іске асыру мақсатында Мәдениет және ақпарат министрінің «Мәдениет ұйымдарының кейбір қызметкерлеріне кәсіби шеберлігі үшін қосымша ақыны төлеудің қағидасын бекіту туралы» арнайы бұйрығымен театр, кино, опера және балет театры, концерттік ұйымдар әртістеріне кәсіби шеберлігі үшін лауазымдық жалақының 50 пайызына дейін қосымша ақы тағайындалатыны атап көрсетілген.
Аталған шара Мәдениет және ақпарат министрінің ағымдағы жылы маусымның 12-сіндегі бұйрығымен іске асырылатын болады.