Мәдениет министрі «азаматтар үніне құлақ асатын Үкімет» жобасы жайлы айтты
«Мектеп директоры М.Бестужева министрге ұжымның жұмысы мен алдағы жоспарлары жайлы баяндады. А.Райымқұлова фортепиано, үрмелі аспаптар сабақтарына қатысып, балалардың шығармашылық топтарымен танысты. Министр балаларға музыкамен айналысудың маңыздылығы мен қажеттілігі туралы айтып берді», - делінген ведомство таратқан ақпаратта.
А.Райымқұлова мектептің мақтанышына айналған, түрлі облыстық, республикалық, халықаралық байқауларда топ жарып жүрген, 2-10 қазан күндері Алматы қаласында өтетін «The Planet of ART – 2019» халықаралық фестиваліне қатысуға дайындалып жатқан Санжар Сағындықовпен кездесіп, өнерлі дарынға сәттілік тіледі.