Мәдениет министрі қазақстандық таланттарды әлемге танытудың жолын тапты
Меморандумда көрсетілген әріптестік қарым-қатынастың маңызды бір бағыты - қызметкерлердің кәсіби біліктілігін көтеру. Меморандумға сәйкес, қазақстандық ведомство мен ресейлік «Музыка үйі» бірлесіп семинарлар мен конференциялар ұйымдастырмақ. Іс-шаралар барысында өнер мен мәдениетке қатысты мәселелер мен түйіткілдер талқыланатын болады.
Ынтымақтастық туралы меморандумның екі елдің мәдени, әлеуметтік және гуманитарлық дамуына ықпалы зор. Айта кетерлігі, әр елдің өнер шеберлері үшін халықаралық дәрежедегі сайыстар мен фестивальдарға шығудың өз жолдары бар. Ал Санкт-Петербордағы «Музыка үйі» тікелей осындай шаралармен айналысады. Олар әр елдің мықты деген өнерпаздарын бір-екі жылға шақырып, атаулы әлемдік конкурстарға дайындайды.
«Келісімнің маңызы өте жоғары. Санкт-Петербордағы «Музыка үйін» дүниежүзі жақсы біледі. Онда әлемнің ең үздік оқытушылары сабақ береді. Елімізді халықаралық дәрежеде танытып жүрген таланттарымыз аз емес. Енді олардың қатары көбейтіндігіне сіздерді сендіргім келеді.Сергей Ролдугин мырзамен ұстаздық және шәкірттік қарым-қатынасымыздан бөлек, достық сыйластығымыз да бар. Оны біз ел игілігіне жұмсауды жөн көрдік», - деді А. Мұхамедиұлы.