Оның айтуынша, министрдің өзі бұл мәселені жеке бақылауына алып, бүгін түске дейін Т.Жаманқұловты босатуға мейлінше көмек көрсететінін жеткізген.
"Біз жаңа ғана министрге кіріп шықтық. Бұл мәселенің xалықтың арасында кеңінен көтеріліп жатқанын, қоғамның пікірі өзгеріп бара жатқанын да айттық. Енді, Тұңғышбай - қазақтың үлкен бетке ұстар азаматтарының бірі. Сондықтан оған араша түсу керек. Министрдің өзі айналысып жатыр екен. Сосын ол айтты, бұл мәселемен жеке айналысып жатырмын деп. Бүгін түске дейін шығып қалуы керек деді", - деп атап өтті Ерлан Саиров.
Саясаттанушының сөзіне қарағанда, Тұңғышбай Жаманқұловты босату мәселесі жалғыз министрдің қолында тұрған шаруа емес. Дегенмен, процессуалдық шаралардан кейін оны босатуы әбден мүмкін.