Мәдениет министрлігінде мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған қызметкерлер Ант қабылдады

ТАНА. 27 тамыз. ҚазАқпарат. Мәдениет министрлігінде Конституция күніне арналған салтанатты жиналыс болып өтті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед министрлік ұжымын мемлекеттік мерекемен құттықтап, тәуелсіз Қазақстанның ырғақты дамуы жолындағы негізгі заңның тарихи маңыздылығын атап өтті.

Осынау салтанатты күні Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» заңына сәйкес мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған қызметкерлер Ант қабылдады.

Сонымен қатар, министрліктің бірқатар қызметкері лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны үшін Құрмет грамотасымен марапатталып, алғыс жарияланды.