Мәдениет министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына өзгерістер енгізілді

None
АСТАНА. 4 шілде. ҚазАқпарат - Мәдениет министрлігінің  2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына өзгерістер енгізілді. ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Астана, Үкімет Үйі, 2012 жылдың 17 қаңтарынан, №90

«Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің  2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы №96 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 96 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., №18, 213-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі          К.МӘСІМОВ.

Жоспардың мәтіні республикалық БАҚ-да жарияланды.