Мәдениет пен өнер қызметкерлері күні - мем­лекет пен қоғамның шығар­ма­шылық адам­дарына айрықша құрметінің белгісі - көрнекті мәдениет пен өнер қайраткерлерінің құттықтауы

Фото: None
АСТАНА. 29 қыркүйек. ҚазАқпарат - Елбасы Жарлығымен қыркүйектің соңғы жексенбісі Мәдениет және өнер қайраткерлері күні мерекесі болып жариялануына орай еліміздің көрнекті мәдениет және өнер қайраткерлері барша жұртшылыққа құттықтау жолдады.

ҚазАқпарат осы құттықтаудың мәтінін таратады

Құрметті әріптестер, достар!

Баршаңызды кәсіби мереке­лері­ңіз­бен - Мәдениет және өнер қыз­мет­­керлері күнімен шын жү­ректен құттықтаймыз.

Елімізде тұңғыш рет аталып өті­­летін осы кәсіби мерекенің мем­лекет пен қоғамның шығар­ма­шылық адам­дарына айрықша құрметінің белгісі ретінде күн­тіз­беден лайықты орын алатынына сенімдіміз.

Біз Елбасымыз Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назарбаевқа Қазақ­стан­ның ру­хани-мәдени, жасам­паз­дық әлеуетін одан әрі нығайту жолындағы өл­шеу­сіз еңбегі, өнер адамдары мен та­лан­т­тарға деген ерекше ықыласы үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.

«Мәдени мұра» тарихи бағ­дар­ламасы, сан-салалы мәде­ниет­тер то­ғысқан қазақстандық бірлік, салы­нып жатқан бірегей концерттік залдар, театрлар, музейлер, өнердің әр­түрлі саласында жүзеге асырылып жатқан ау­қым­ды жобалар, алыс және жақын шетелдермен мәдени ынты­мақ­тастықты кеңейту, жас дарын­дар­ға білім беруге және кәсіби тұр­ғыдан шыңдалуына қаржы бөлу - мұның бәрі Қазақстанды одан әрі әлеуметтік жаңғыртудың қуатты негізі болып табылады.

Елбасымыз өзінің «Қазақстан­ның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жал­пыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласында «Қа­зақстан экономикасы, әлеу­мет­тік жүйесі мен саясатының үдемелі прогресінің маңызды факторы болатын ақпа­рат­тық-мәдени ортаны құру қажет­ті­лігі» туралы айтқан болатын.

Мұндай ортаны құру - біздің қо­лымыздан келеді.

Қымбатты достар! Біздің тұ­рақты шығармашылық іздені­сі­міз алдағы уақытта да Қазақстанның ең үздік мәдени дәстүрлерін сақ­тау мен да­мытуға бағыт­тала­тынына сенімдіміз!

Баршаңызға мәдениет пен өнерге қызмет ету жолында зор денсаулық, шабыт, жаңа шы­ғармашылық та­быс­тар тілейміз!

Ермек Серкебаев, КСРО-ның ха­лық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, КСРО және Қазақстан Мемлекеттік сыйлықтарының лау­реаты,

Бибі­гүл Төлеге­нова, КСРО-ның ха­лық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, КСРО және Қазақстан Мемлекеттік сый­лық­та­рының лауреаты,

Ерке­­ғали Рахмадиев, КСРО-ның халық әртісі, Еңбек Ері, Қа­зақ­станның Мемлекеттік сый­лы­ғының лауреаты,

Ру­бен Ан­дриа­­сян, Қазақ­стан­ның халық әртісі, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лау­реаты,

Асанәлі Әшімов, КСРО-ның халық әртісі, КСРО және Қазақ­­стан Мемлекеттік сыйлық­тары­ның лау­реаты,

Қанафия Телжанов, КСРО-ның халық суретшісі,

Шот-Аман Уәлиханов, Қа­зақ­­станның еңбек сіңірген сәу­летшісі, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлы­ғының лауреаты,

Нұржұман Ықтымбаев, Қа­зақ­станның халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лау­реаты,

Ескендір Хасанғалиев, Қа­зақ­­станның халық әртісі,  Қазақ­станның Мемлекеттік сыйлы­ғының лауреаты,

Нұрғали Нүсіпжанов, Қазақ­станның халық әртісі,    Қазақ­станның Мемлекеттік сыйлы­ғы­ның лауреаты,

Жәния Әубәкірова, Қазақ­стан­ның халық әртісі, Қазақ­стан­ның Мемлекеттік сыйлы­ғы­ның лауреаты,

Айман Мұсақожаева, Қазақ­станның халық әртісі,    Қазақ­стан­ның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,

Игорь Вовнянко, Қазақ­стан­ның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ­станның Мемлекеттік сый­лы­ғының лауреаты.