Мәдениет пен спорт бөлінбейтін ұғым - «Алматы концерт» ЖШС-нің бас директоры

АТЫ. 29 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Мәдени Азиада» - қонақтарды Қазақстанның бай тарихи және мәдени мұрасымен таныстыратын спорт, мәдениет, өнердің басын қосқан кешенді мәдени шаралар. Бұл бүгін Алматыда осы жобаның аясында өтетін шараларды таныстыруға арналған баспасөз мәслихаты кезінде айтылды.

«Алматы концерт» ЖШС-нің бас директоры Константин Коротковтың айтуынша, Алматыдағы мәдени шаралар «Алматы - Қазақстанның мәдени орталығы», «Азиада аруы» сұлулық байқауы, «Ашық аспан астындағы сауық кештері», «Қазақстанға қош келдіңіздер» достық кездесулері, «Киноазиада» деген тақырыптарда өтпек. Константин Коротковтың айтуынша, 1 ақпанда «Азиада аруы» сұлулық байқауы, 1-3 ақпанда Азия құрлығы елдерінің спорт тақырыбы бойынша түсірілген деректі және көркем фильмдерін көрсетуге арналған «Киноазиада». 2-4 ақпанда алғаш рет «Videomapping show» технологиясы бойынша ерекше қойылымдарымен ашық аспан астындағы би кештері. 2-5 ақпанда дәстүрлі, симфониялық және қазіргі заманғы музыка жұлдыздарының «Алматы - Қазақстанның мәдени орталығы» деп аталатын концерттік бағдарламалар мен достық кездесулері өтеді. Бұдан бөлек, мереке күндері «Медеу» мұз айдынында «Қар барысы» қалашығы көрермендерге өз есігін айқара ашпақ.