Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, мемлекеттік стипендиялар отандық мәдениеттің дамуына елеулі үлес қосқан мәдениет пен өнер қайраткерлеріне беріледі.
– Мемлекеттік қолдау өнер иелерінің кәсіби шеберлігін арттыруға, мәдениет пен өнер саласының дамуына серпін беруге, сондай-ақ жаңа шығармашылық идеялар мен жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, – делінген хабарламада.
Байқауға мәдениет және өнер саласында еңбек етіп жүрген мамандар қатыса алады.
Құжаттарды қабылдау 2026 жылғы 1 тамызға дейін жалғасады.
– Мемлекеттік стипендия мәдениет пен өнер қайраткерлерінің шығармашылық әлеуетін қолдауға және олардың кәсіби қызметін ынталандыруға бағытталған, – деп атап өтті министрлік.
Конкурсқа қатысу тәртібі, қажетті құжаттар тізімі және өзге де талаптар туралы толық ақпарат министрліктің ресми ресурстарында жарияланған.
Айта кетейік, Президент атынан Сәрсенғали Әбдіманапов пен Ермек Жангелдинге мемлекеттік наградалар табысталды.