Халық әртісі саясаттан алыс екендігін атап өтіп: "Менің кәсіби кредом - мен қызмет ететін жоғары өнерім. Мен өз ана тілімді және Отанымды барлық жерде жырлап келемін. Мен бүкіл әлемді шарлап қайттым. Концерт берген әр елде, өз ана тілім- қазақ тіліндегі әндерді орындаймын. Ол біріншіден еліме деген, осы елдің халқына деген құрметім",-деді ол.
Сонымен қатар Б. Төлегенова: "Қазақстандықтар көп ұлтты мемлекетте, ұлтына қарамастан барлық азаматтардың құқығы құрметтелетін мемлекетте тұрады",-деп атап өтті. "Мен бұрынғы Кеңес Одағының барлық елдерінде болдым. Сол себепті, сеніммен, біз Елбасының саралы саясатының арқасында береке-бірлік пен келісімде өмір сүріп жатырмыз деп айта аламын. Бейбіт өмір - біздің бақытымыз бен байлығымыз. Мәселен, менің отбасым -көпұлтты. Өз арамызда орыс тілінде сөйлесеміз. Өйткені, бірі татар, бірі орыс, бірі ұйғыр, венгр, поляк, еврей. Менің әкем қазақ болса, анам- татар. Сондықтан қазақ, татар, орыс тілі - менің ана тілдерім",-деді ол.