Қазақстанның Халық әртісі әлемдік бәсекеге қабілетті мәдени ділді қалыптастыру үшін ең бірінші кадр мәселесі алғышарт болуы керек екенін айта келе, «Елімізде өнер саласындағы оқу орындары студенттерді оқытуда қатардан қалып жүрмегенімен, білім ошағын бітірген жастардың, мамандардың жұмысқа орналасу, сол өңірлерде тұрақтап қалуы сынды мәселелерімен бетпе-бет келгенде қауқарлық таныта алмайды. Мұны білетін жастар Астана мен Алматыны айналсоқтап, олар той-томалақ, теледидар, киноны жағалап, бос жүреді. Ал есесіне жергілікті театрлар маман тапшылығын тартып, шығармашылық өнер мен кәсіби қойылымдар жасауда әлсіздікке бой алдырады», - деді.
Т. Жаманқұловтың сөзіне қарағанда, осы орайда мәдениет саласына маман даярлайтын жоғары оқу орындарын ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қарамағына өткізу керек. Мұндай тәжірибе біздің еліміздің басқа салаларында бар.